18+

СҚО мешіттерінде Ораза айт намазы оқытылмайды

Таяуда бұл туралы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы мәлімдеген болатын, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Биыл Ораза айт мейрамы мамырдың 24-не түседі. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқытылуы тиіс. Қызылжар мешітінің наиб-имамы Тойбазар Айтуған пандемияға байланысты бұл мерекені үйде отбасымен бірге қарсы алуға шақырды.

- Шариғат бойынша әрбір мұсылман айт намазын жамағатпен қарсы алады. Алайда әлемде болып жатқан жағдайға байланысты биыл мешітте айт намазы оқытылмайды. Тек Құран оқып, садақа берем деушілерге мешітке таңғы сағат 7-ден кешкі 8-ге дейін келуге рұқсат, - дейді имам.

Ораза айт мерекесі үш күн тойланады. Бұл қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді, яғни Оразадан кейін ауыз бекітпейтін алғашқы күн деп саналады.

Зарина Файзулина

Басқа өзекті тақырыптар: СҚО-да түрмеде отырған ерлі-зайыптыларға онлайн кездесу ұйымдастырылды.