18+

СҚО жастарына 110 бос жұмыс орны ұсынылады

Жұмыспен қамту орталығы тұрғындарды жұмыссыз ретінде тіркелген жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектеріне бастапқы тәжірибе беруге арналған «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысуға шақырады, деп хабарлайды 7152.kz.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, үміткерлер 29 жастан аспауы керек. Дипломдағы мамандық бойынша жұмысқа орналастырады. Тағылымдама ұзақтығы 6 ай. Содан кейін маман тұрақты жұмысқа орналаса алады. Жалақы көлемі – 69 450 теңгеден тұрады.

Өткен жылы 175 адам «Жастар практикасы» бағдарламасын қолдана алды. Олардың 80% тағлымдамадан өткен ұйымдарда жұмысқа орналастырылады.

Қазіргі кезде 90 маман иесін жұмысқа орналастырды, енді 110 маман иесі қажет.

Сұранысқа ие мамандар: агроном, заңгер, есепші, құрылысшы, қаржыгер, экономист, бағдарламашы, психолог, мұғалім, эколог және тағы басқалар.

Бұл бағдарлама арқылы жатақханадан төсек орын алуға болады, бірақ ол үшін сіз жарты жыл жұмыс істеп сосын жұмысқа орналасуыныз қажет.

Жастар тәжірибесіне қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімін растайтын құжаттың көшірмесі қажет.

Венера Турагельды

Басқа өзекті тақырыптар: Биыл Солтүстік Қазақстанда қоныс аударушылар үшін 800 үй салынады.