Мемлекеттік органдардың басшылары Төлеген Қабдушевке әпкесінің өмірден өтуіне байланысты көңілдерін білдірді
Құрметті Төлеген Дәстемұлы! Солтүстік Қазақстан облысы департаменттері басшыларының атынан әпкеңіз, Бесембаева Алма Дәстемқызының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарыңыздың қайғысына ортақтасып көңіл білдіреміз. Алла бұйырғанына амал бар ма? Әпкеңіздің өмірден өтіп, бақилық болуы әрине, ең алдымен өзіңізге ауыр соғып отырғаны белгілі. Алла алдынан жарылқасын, иманы өзіне серік, жаны жәннәтта болсын! Алла тағала өзіңізге, отбасыңызға және ағайын-туыстарыңызға өмір беріп, марқұмның жанын тыныштыққа бөлесін.