18+

Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр

Фото: из открытых источников

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой денсаулық сақтау жүйесін COVID-19-дың ықтимал жаңа толқынына дайындау шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Сарапшылар Қазақстандағы коронавирустық инфекцияның екінші толқыны күзде басталады деп пайымдауда, сондықтан ел толықтай қарулануға дайын. Мамандар Қазақстанда коронавирустық инфекцияның екінші толқыны қазан айында басталады деп болжап отыр.

Ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аурухналарға ұқсас 2,7 мың төсек-орынға шақталған жаңа 13 жұқпалы аурулар ауруханасын салу туралы шешім қабылдады.

Қазірдің өзінде  дәріханаларға 10 миллионнан астам дәрі-дәрмек жеткізілді. Бірыңғай дистрибьютор республиканың медициналық ұйымдарын айлық дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз етіп, 30 қыркүйекке дейін 24 млрд теңгеге қосымша екі айлық қор дайындады. СК-Фармация негізінде Республикалық тұрақтандыру қоры, сондай-ақ 11 өңірлік тұрақтандыру қоры құрылды.

Ауруханаларды толық жарақтандыру үшін қосымша 2 578 өкпені жасанды желдету аппараты, оның ішінде 1500 отандық тауар өндірушілерден, 1078 жергілікті бюджет, демеушілік көмек және Дүниежүзілік банк қаражаты есебінен сатып алынады. 23 890 төсек-орын оттегімен қамтамасыз етіледі, оның ішінде 13 153-і оттек концентраторлары арқылы қамтамасыз етіледі.

2020 жылдың қазанына дейін еліміздің барлық аудандық ауруханаларын сандық рентген аппараттарымен 100% қамтамасыз ету жоспарлануда.

Басқа өзекті тақырыптар: Казахстан готовится ко второй волне коронавируса.

Обзор казахской прессы
16:59, Вчера