18+

4 күн ішінде 405-тен астам солтүстікқазақстандық праймеризге қатысуға өтініш берді

Фото: Нұр Отан СҚО

Солтүстік Қазақстан облысында кандидаттар өтінішін қабылдау басталғалы праймеризге қатысуға 405 ниет білдірген, оның 173-і нәзік жандылар. Үміткерлердің ішінде – 7 көп балалы ана да бар, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Бұл тұралы «Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова брифинг барысында мәлімдеді.

- Қатысуға өтініш бергендердің 46% - 35 жастан 50 жасқа дейінгі үміткерлер, 24% - 35 жасқа дейінгі азаматтар. Мамандықтарына келер болсақ, 49%- білім беру, 12%- шағын және орта бизнес саласының өкілдері. Тағы кандидаттардың арасында спорт, мәдениет, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығының мамандары бар, - деді Әсем Рахметова.

Праймериз қатысушыларының үгіт-насихат жұмыстары 7 қыркүйекте басталып, 3 қазан күні сағат 14.00-де аяқталады. Үгіт-насихат шараларына кандидаттар қаражатты өз қалталарынан шығарады. Бұл шетел азаматтарынан және мемлекеттік органдар есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.

- Әр кандидат өздерінің сайлауылды бағдарламаларын қоғамдық пікірсайыстарда қорғайды. Онда кез-келген адам тікелей сұрақ қоя алады. Дебаттың жалпы ұзақтығы 90 минуттан аспауы тиіс. Қалалық және аудандық мәслихаттарға үміткерлер кемінде бір пікірсайысқа қатысуы тиіс, облыстық мәслихатқа үміткерлер – екі пікірсайысқа, Мәжіліске – үш пікірсайысқа қатысуы тиіс, - деп қоса айтты төрағаның бірінші орынбасары.

Кандидаттар үшін дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді.

Әсем Рахметова атап өткендей, үміткерлерге дауыс беру ашық өтеді. Ол үшін партия арнайы мобильді қосымша мен веб-портал әзірледі. Қағаз бюллетеньдер бойынша дауыс беру 3 қазанда өтеді.

Басқа өзекті жаңалықтар: Североказахстанцы нарушают карантин.