Қазақстанда жеті айда жұмыссыздар саны 8 есеге көбейген, яғни карантин кезінде 1,3 миллион адам жұмыссыз отырған, 800 мыңнан аса бизнес нысаны жұмысын уақытша тоқтатып, кейбірі тіпті жабылған. Пандемияда жұмыстан шығып қалған жағдайда немесе компания жұмысын тоқтатса, қызметкер қандай өтемақы талап ете алады? Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып, 7152.kz тілшісі хабарлайды.
Бұл туралы заңгер Нариман Сүлейменов айтып берді.
Заңгер пандемияда жұмыстан айырылғандарға әрқайсына заң бойынша кем дегенде ең төмен жалақы мөлшері төленуі керегін айтады.
Қазіргі пандемияда компания қызметін уақытша тоқтатып, қызметкер жұмыссыз қалса, ҚР Еңбек кодексінің 1-бабының 10-тармағы ("бос тұрып қалу – экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы") бойынша қызметкерге міндетті түрде заң тұрғысында өтемақы берілуі керек.