Зираттан алдын ала жерлеу орнын қалай алып қоюға болады және зиратты абаттандыруға кім жауапты? 7152.kz тілшісі зерттеді.
Сұрақтарға жауап алу үшін 7152.kz тілшісі «Қызылжар» орталық мешітінің наиб-имамы, «Зекет» қайырымдылық қорының өкілі Мұхаммадзахир Мирзаевтен сұхбат алды.
Наиб-имамның сөзінше, солтүстікқазақстандықтар зираттан алдын ала орын таңдап, оны броньдсақтай алады. Бірақ, діни тұрғыд ан қарасақ, бұл дұрыс емес.
- Егер зиратта бос орындар болса, тұрғындар оларға тапсырыс бере алады, - деді Мұхамедзахир Мирзаев.
Кейбір азаматтар марқұмды туған-туысының жанына жерлегілері келеді. Бірақ, көрші учаскені өзге біреу алдын ала қоршап қойған. Бұл жағдайды қос тарап өзара шешулері тиіс. Бұған мешіт өкілдері араласпайды.
Сондай-ақ, ол жерлеу орындары тегін екенін түсіндірді.
- Ал, енді қабірлерді абаттандыруға келер болсақ. Шаруаны жылына бір рет жергілікті әкімдік пен мешіт өкілдері бірлесіп ұйымдастырады, - деді Қызылжар аудандық Кәусар мешітінің бас имамы, Адай Жилкайдаров.
Басқа өзекті жаңалықтар:Наиб-имам: места на кладбище бесплатные.