31 тамыздан бастап аймақтық және аймақішілік автобустардың, сондай-ақ қала маңындағы электр пойыздарының қозғалысы қайта жүзеге асырылды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Петропавл автовокзал әкімшілігінің хабарлауынша, солтүстікқазақстандықтар билеттерді белсенді сатып алуда, тіпті екі күн ішінде 750-ге жуық билет сатылды. Қала маңындағы танымал маршруттардың бірі: Мамлютка, Пеньково, Подгорное, сондай-ақ алыс қашықтықтағы, «Петропавл - Сергеевка», «Петропавл - Новоишимское».