Солтүстік Қазақстан облысында «Нұр Отан» партия праймеризінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Бұл туралы брифингте «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова айтып берді.
Депутат болуға өңірдің 11 көпбалалы аналары мен 5 мүмкіндігі шектеулі облыс тұрғындары ниет білдірді, олардың ішінде көрнекті қоғам қайраткерлері Сәлімхан Сәбитов пен Владимир Эрман да бар. Сондай-ақ үміткерлер қатарында – 4 қандастар қатысуда.