18+

СҚО әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Жол құрылысы мен жөндеу саласындағы нашар бақылау үшін СҚО әкімінің орынбасары қызметінен босатылды. 2020 жылдың қазан айынан бастап  бұл қызметті Иван Турков атқарып келген еді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары қатаң бақылауға алынып, ретке келтіру жалғасып жатыр. Осы саладағы жұмыстарды және бақылауды босаңсытып алғаны үшін бірнеше лауазымды тұлғалар орнынан босатылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С.Бармақов, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т.Шәкімов, И.Турков және Н.Қалауовтар қызметтерінен кетті. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желі парақшасында жазды.

-Үкімет, әкімдер, құқық қорғау органдары бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуының алдын алу, жол құрылысы саласындағы келеңсіздіктерді жою үшін шаралар қабылдап жатыр - деп жазды Берік Уәли.

Тағы да оқыңыздар: Петропавлда бөбекжай-бақша ашылды

СЦК
17:12, Сегодня