18+

Облыста Есіл өзенінің көтерілуіне байланысты дауылды ескерту жарияланды

Өзендегі су деңгейі қауіпті белгіге жақындап келеді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Таңертеңгі сағат 8-де Есіл өзеніндегі су деңгейі 982 сантиметрге көтерілді, тағы 22 см-ге көтерілген кезде, 1-ші Заречная көшесі мен Заречный кентінің жолын су басуы мүмкін.

Новоникольское ауылы маңында өзен суының деңгейі 27 см, Долматово ауылы маңында26 см көтерілді.

- Облыстың Иманбұрлық, Аққанбұрлық, Бабықбұрлық, Қамысты, Шарық, Мұққыр, Шағалалы шағын өзендерінде су деңгейінің тұрақты төмендеуі жалғасуда. Бір тәулік ішінде су деңгейі 1-ден 20 см-ге дейін төмендеді.Су Возвышенко ауылы маңында Аққанбұрлық өзенінде көп төмен түскен. Ал Андреевка ауылы маңындағы Шарық өзенінде және Ковыльное ауылы маңында Аққанбұрлық өзенінде ең аз төмендеу байқалады,- деп хабарлады Қазгидромет филиалы.

Сергеев су қоймасындағы су деңгейі тәулігіне 6 см - ге төмендеді . Көлемі 758 млн текше метр. Суды ағызу 215 м3/с жылдамдықпен жүзеге асырылып жатыр. Үлкен Торанғұл  көленідегі  су деңгейі өзгерген жоқ.

Тағы да оқыңыздар: Облыс әкімі қала тұрғынының үндеуін қолдады