18+

Жерді жекеменшікке беруге 5 жылға мораторий енгізілді

Ауыл шаруашылығы жерлері жекеменшікке өтпейді. Арнайы комиссия 5 жылға мораторий енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды 7152.kzтілшісі.

Жалпы бұған дейін Жер реформасы жөніндегі комиссияның бес отырысы өтіп, 113 мәселе мен ұсыныс қаралған еді. Комиссия отырысына 67 адам қатысты, оның 4-уі қалыс қалды, қалғандары бірауыздан мораторийді ұзартуға дауыс берді.

Парламентке 28 ұсыныс жолданып, тағы 47-ісі мемлекеттік органдарға нақты шаралар қабылдауы үшін жіберіліпті. Солардың қатарында алқаптарды сатуға 5 жыл мерзімге шектеу қою – маңызды ұйғарым болған. Өйткені, түпкілікті шешім қабылдауға әлі де мұқият талдау жүргізілуі тиіс.

-Халықтың сеніміне ие бола тұрып шешім қабылдауымыз керек. Мына жерде комиссияның мүшелері жердің меншігінің тағдырын шешіп тастайды деген ойдан аулақпын.Қоғамның пікірі терең зерттелуі керек. Олай болса жер иелегіне қатысты нормаларға жыл соңына дейін белгіленген мораторий мерзімін 5 жылға ұзатруды ұсынамыз, - дедіотырыстаҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Ауыл шаруашылығы жерлеріне толық инвентеризация жүргізілу қажет деген ойын да айтты.

-Бұл жұмыс барысында еліміздің барлық жерлердегі топырақтың құнарлығын анықтауымыз қажет. Бұл бір күнде шешілмейді. Екіншіден ауыл шаруашылық жерлерінің кадастрылық құнын айқындау керек. Мамандардың айтуынша бұл он жылдан бері қаралмаған сұрақ. Нарықтың құнын ескере отырып жердің құнын анықтау керек. Әр өңірдің ерекшеліктері бар, оны да ескеруіміз керек,-деді Тоғжанов.

Сонымен қатар ол ауыл шаруашылық жерлерін электрондық форматта, көпшілікке ашық түрде берудің тетігін енгізу қажеттігін айтты. Оны кем дегенде 2023 жылға дейін жасау қажет. Бұл жерді пайдалануға берудің әділетті және ашық өтетініне көз жеткізу үшін қажет.

Тағы да оқыңыздар: Петропавлда жол жиегіндегі ағаш құлады

Обзор казахской прессы
16:59, Сегодня