26 сәуірде облысымызға жеткізілген QazVac вакцинасының бірінші компонентін екі күн ішінде 463 адам алып үлгерген. Екінші дозасы 21 күннен кейін егіледі деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Өңірдегі корнавирусқа қарсы екпе жұмысының барысы жайлы брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов баяндап берді. Айтуынша, осы күнге дейін ресейлік «Спутник -v» вакцинасының толық курсынан 6796 жерлесіміз өткен. Бірінші компанентін 27 705 адам салдыртқан. Ақпан айынан бастапөңірге көрші ел вакцинасының 65200 дозасы, ал отандық өнімнің 2000 данасы жеткізілді. Медиицна саласы өкілдері вакцинадан кейінгі әлсіздік, дене қызуының көтерілуі ол инекциядан кейін болып жататын қалыпты жағдай дейді. Екпе алған барлық адамдар дәрігерлердің бақылауында. Осы күнге дейін ешбір асқынулар орын алмаған. Тек бір жағдайда ғана пациентке дәрігерлердің көмегі қажет болыпты.
- Вакцинадан кейін бір қыз балада асқынулар болды. Бірақ оның вакцинаға қатысы жоқ. Бұл егу кезінде иненің тамырға өтуінен орын алып отыр. Нәтижесінде бұлшықетаралық гемотома пайда болған. Ондай жағдайлар инекция кезінде орын алып жатады. Бактерияға анализдер алынды. Жарада ірің болған жоқ. Ұжымдық имунитетті қалыптастыру керек. Сол себепті барлық облыс тұрғындарын вакцина алуға шақырамын – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Құмар Күсемісов.
Тағы да оқыңыздар: Жерді жекеменшікке беруге 5 жылға мораторий енгізілді