Облыс орталығында коронавирусқа қарсы екпе салдыру үшін қосымша екпе пунктері жұмысын бастады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі
Өңірде вакцина салдырунауқаны қарқынды жүргізілуде. Осы күнге дейін екпенің бірінші компанентін 28 мыңнан астам адам алып үлгерді. Вакцинаның екінші компанентін алғандар саны 7 мың адамға жақындады.
Облыс орталығында қосымша тағы екпе егу пунктері ашылып жатыр. Олардың жұмыс істеу уақыттары әр түрлі. Мысалы қалалық емханалардағы екпе кабинеттері мен «Сити молл» сауда ойын-сауық орталығындағы екпе пункт сағат 21.00 ге дейін ашық болады. Ал Әуезов көшесіндегі ХҚО,С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханадағы екпе пункт сағат 19.00ге дейін жұмыс істейді. Алтын Арман базарындағы вакцина салдыруға болатын орын 17.00 ге дейін, Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі, ПҚЭК, Жастар сарайындағы екпе пунктер 18.00 ге дейін ашық болады. Винокуров спорт сарайында ашылған вакцина салдыру орны сағат 20.00ге дейін жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Петропавл қ. ІІБ мен Полиция Департаментінің госпиталінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін екпе пунктері ашылды.
Корнавирусқа қарсы вакцина салдырту үшін жеке куәлігіңіз болса жеткілікті.
Тағы да оқыңыздар: Екі күн ішінде 463 жерлесіміз отандық вакцинаны салдырып үлгерді