18+

Облыста 3 мектеп карантинге жабық

Петропавлдағы Н.Крупская атындағы №10орта мектеп 2 аптаға карантинге жабылып, қашықтан оқытуға көшті. Білім ордасының екі мұғалімі және екі оқушысы короновирус жұқтырған, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Н.Крупская атындағы №10 орта мектеп 28 сәуірден толығыменқашықтан білім алуға ауыстырылды. Оқу ошағында 6 сынып карантинге жабылды.

- Төрт 5-ші сынып карантинге жабылды. Өйткені кеше осы сыныптарға сабақ беретін мұғалім тапсырған ПТР тест сынамасы оң нәтиже көрсетті. Жалпы, 4 тоқсанда 2 мұғалім вирус жұқтырды. Бірінші жағдай бойынша, мұғалім мен оқушылар сейсенбі күні қайта дәстүрлі оқу форматына көшкен еді. Енді қайта қашықтан білім алуға мәжбүрміз,- деді Н.К. Крупская атындағы №10 орта мектептің директоры Татьяна Анцибор.

Жалпы білім беру мекемесінде 73 мұғалім,46 сыныпта 1140 оқушы оқиды. Содай-ақ, шағын орталық та бар. Карантин шараларына қарамастан, шағын орталық өз жұмысын жалғастырып жатыр. Мектеп директорының айтуынша, шағын орталыққа баратын балалар мен қызметкерлері бөлек есіктен кіріп, шығады. Тамақтанатын орындары да бөлек. Яғни, мектеп оқушыларымен еш байланыс болмағандықтан, шағын орталық қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, облыста қашықтан білім беруге Ғ.Мүсірепов ауданының Новоишим орта мектебі мен Петропавлдағы дарынды балаларға арналған мектеп көшкен.

Тағы да оқыңыздар: Петропавлда коронавирусқа қарсы вакцина салдыру үшін қосымша пунктер ашылды

Палата Предпринимателей
15:31, 20 ноября