Мамырдың 6-нан бастап облыс орталығында 3 жылжымалы кешен жүрмек. Яғни тұрғындар төл құжатымен жылжымалы пунктке барып, коронавирусқа қарсы екпе салдырта алады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Петропавлда денсаулық сақтау мекемелерінде, спорт нысандарында, мәдениет ошақтарында және сауда-саттық орталықтарында28 вакцина салу орындары ұйымдастырылды. Жалпы қазіргі таңда облыс бойынша мұндай пункттердің саны 90-ға жетіп отыр.
-3 жылжымалы кешенде қалалық 3 емхананың мамандары жұмыс істейді. Жерлестеріміз қалалық орталық саябақта, «Береке» ықшам ауданында, 20-шы шағын ауданында жүретін жылжымалы екпе егу пункттеріне бара алады. Бұл ең алдымен қарт адамдар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалып отырған іс-шара. Бұл кісілерге емханаға, сауда-саттық орындарына бару қиын- деді,СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов .
Тағы да оқыңыздар: Облыста карантиндік шектеулер жеңілдетілді