Ақжар ауданында шунгит өніретін болды. Онда «Шунгит Добыча» ЖШС тау-кен өндіру кәсіпорны өндірістік қызметін жүргізеді. Бұл туралы брифингте аудан әкімі Қанат Қалиев айтты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Биыл сәуір айынан бастап кәсіпорын тау-кен орындарында аршу жұмыстарына кіріскен. Технологиялық сипаттағы жұмыстаржүргізілуде, яғни тау-кен орындары аумағындаәкімшілік-өндірістік ғимараттар, 7 шақырым жол салынуда. Электрмен жабдықтау жағықолға алынған. 2021 жылғы өндіру жоспары 200 мың текше метрді құрамақ.
-Кәсіпорынның тұрақты өкілеттілігі үшін «Достық Ақжар» ЖШС ашылды. Кәсіпорынмен көшіп келушілер мен жұмысшылар үшін тұрғын үй құрылысы, Талшық ауылында кеңсе мен сауда орталығы құрылысы жүргізілуде. Жұмыс орындары қажеттілігі шамамен 120 адам – деді Ақжар ауданы әкімі Қанат Қалиев.
Тағы да оқыңыздар: Петропавлда фармацевтикалық зауыт салынады