Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомство аппаратының жиналысында биыл соңғы қоңырау 25 мамырда дәстүрлі форматта тек 9 және 11 сынып түлектері үшін соғылатынын айтты, деп хабарлайды 7152.kzтілшісі.
Министрдің айтуынша соңғы қоңырау 25 мамырда дәстүрлі форматта тек 9 және 11 сынып түлектері үшін соғылады. Өйткені олар биыл оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап оффлайн режимінде оқып келеді.
-Соңғы қоңырау шарасын 9 бен 11 сынып оқушыларына, санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ашық алаңда өткізуге рұқсат беруді жоспарлап отырмыз, – деді Аймағамбетов ведомство аппаратының жиналысында.
Осыған байланыстыминистр мектеп директорларын, білім басқармалары мен білім бөлімдерін аталған іс-шараларды барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай ұйымдастыруға шақырды. Оған қоса, мектеп аумағында және ғимаратында әлеуметтік қашықтықты сақтауға мүмкіндік беретін таңбалауға тек бір ата-ана немесе заңды өкіл қатыса алады. Сондай-ақ, бетперде режимін сақтау қажет. Онлайн форматта оқитын балалар үшін соңғы қоңырау онлайн форматта соғылады.
Тағы да оқыңыздар: Әскери оркестр ардагерлерді мерекемен құттықтады