Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Бүгіннен бастап ҚР-ның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулыға, облыстың бас санитариялық дәрігері өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Коронавирус таралуының матрицасына сәйкес, облыс «жасыл» аймақта. Сондықтан карантин талаптары жеңілдетілді. Енді, мешіттер, православ шіркеулері және басқа да діни объектілердің аумағында ұжымдық діни іс-шараларды санитарлық талаптарды сақтай отыра, ашық ауада өткізуге болады. Ал діни ғимараттардың ішіне бір келушіге 4 шаршы метрден алғанда, сыйымдылығы 30 пайыздан аспағанда жұмыс істеуге рұқсат.
Тағы да оқыңыздар:Облыстың 411 білім ордасында «жазғы мектеп» ұйымдастырылады