18+

Нәрестенің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылында осы жылдың наурыз айында туған нәресте көз жұмды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Нәрестенің қайтыс болғаны туралы хабарлама Қызылжар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 7 мамырда келіп түсті. Сәбидің денесінде ешқандай жарақат белгілері анықталған жоқ. Ол сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталмыш фактіні полицейлер тергеуде.

25 жастағы анасының айтуынша, 7 мамырда баласын тамақтандыру үшін таңертеңгі сағат 5-те оянады. Баласын емізіп болған соң ұйықтатып, кейін өзі де ұйқыға кеткен. Шамамен 7:30-да оянғанда, ол нәрестенің демалмай жатқанынын байқайды. Туыстары фельдшерді шақырады, ол болса баланың көз жұмғанын тіркеген.

- Қазіргі уақытта аталған факті бойынша істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне адамның қайтыс болу фактісі бойынша тіркелді, - деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыздар: Отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелін атып өлтірді

Обзор казахской прессы
16:59, Вчера