18+

Оқ тиген қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр

Оқиға 10 мамырда болды. 58 жастағы ауыл тұрғыны ішімдік ішіп, әйелімен немересіне оқ атты. Салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды, ал қыз бала облыстық көпсалалы балалар ауруханасында жатыр, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, полиция Тимирязев ауданында әйелді атып өлтіру және 12 жастағы қызды өлтірмек болды деген факті бойынша істі тергеуде. Олардың барлығы бір отбасының мүшелері.

Көпсалалы облыстық балалар аурухананың бас дәрігері Олег Завьяловтың айтуынша, жараланған қыздың жағдайы өте ауыр. Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Тағы да оқыңыздар: Нәрестенің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр