Із-түссіз жоғалған мектеп мұғалімі табылды. Ол дін аман. 7-ші мамырда Көкшетауға барып, хабарсыз кеткен 32 жастағы ер адамды полицейлер мамырдың 10-нан бастап іздеген еді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Ауыл мұғаліміне іздеуді әкесі жазған болатын. 53 жастағы ер адам Көкшетау қаласына кеткен ұлынан хабар ала алмай отырғанын айтып арызданған еді. Облыс ауылдарының бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін мұғалім, Көкшетауға жеке жұмыстарымен келіп, Абылай хан даңғылы ауданында жоғалып кеткен. Жігітті іздеуге 40 тәртіп сақшысынан тұратын іздестіру тобы жасақталды. Сондай-ақ еріктілер де жұмылдырылды. Нәтижесінде полиция хабарсыз кеткенжігітті анықтады.
-Ол Көкшетау қаласындағы иесіз қалған нысандардың бірінен табылды. Ол қаңғыбастардың арасында түнеп жүрген, — деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адам мұндай әрекетке не үшін барғанын түсіндірмеген. Сондай-ақ, жігітке қатысты ешкім қылмыс пен құқық бұзушылық жасамағаны белгілі болды.
Тағы да оқыңыздар: Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылар үшін біржолғы төлемдер екі есеге өсті