Петропавлда 19 жастағы жүргізуші көлігімен зейнеткерді қағып кетті. Зардап шегуші қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Оқиға бүгін, мамырдың 14-і күні күндізгі сағат 16:45 орын алды. 19 жастағы «Lada Kalina» маркілі көлікті тізгіндеген жүргізушіН.Назарбаев көшесінде жаяу жүргіншіні қағып кетті. 1943 жылы туған зейнеткер жолды реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелімен қиып өтпек болған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шегуші жедел жәрдем арқылы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Екі жерден сүйегі сынған.
-Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша кінәлі тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалды - деп хабарлады СҚО баспасөз қызметі.
Тағы да оқыңыздар: Көкшетауда жоғалған ауыл мұғалімі табылды