18+

Облыс әкімінің қосымша 50 гранты бөлінді

Биылғы мектеп түлектері үшін жағымды жаңалық. Мемлекеттік гранттан бөлек, облыс әкімі қосымша 50 грант бөліп отыр, деп хабаралйды 7152.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова  брифингте айтты. Бұған дейін облыс әкімінің гранттары 2018 жылы бөлінген. Ол кезде 75 студент тегін оқыған еді.

-Биыл облыс бюджетінен облыс үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша 50 білім грантына қаражат бөлінгенін хабарлағым келеді. Бұл «Жалпы медицина» 20 грант, «Ветеринария» 15 грант және «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», «Агрономия», «Білім беру» мамандықтарына 5 грант,-деді Гүлмира Кәрімова.

Мектеп бітіруші түлектер биыл 5 емтихан емес, 4 емтихан тапсырады. «Алтын белгіге» үміткерлердің эссе, алгебра жазбаша емтихан жұмыстарын білім басқармасы жанынан құрылған комиссия тексереді. Қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі жаңа инструкцияға сәйкес, емтихан аяқталғаннан кейін 15 минут ішінде «Алтын белгіге» үміткердің жазбаша жұмыстары сканерден өткізіліп, білім басқармасына электронды түрде жіберіледі. Биыл облыста 153 оқушы «Алтын белгіге» үміткер.

Тағы да оқыңыздар: Дүкен тонамақ болған жігіт ұсталды