18+

Студент жалға алған пәтерінде 2000 доза есірткіні сақтаған

Облыс полицейлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткіні тәлкіледі. Оны Қызылжар ауданының 19 жастағы  жалға алған пәтерінде  сақтап келген, деп хабарлайдыь 7152.kz тілшісі.

Петропавл колледждерінің бірінде оқитын жігітті полицейлер наурыз айындаұстаған болатын. Сараптама қорытындысы енді келді. Оның пәтерінен тәлкіленген заттың «тұз» деген атпен «альфа-PvP» есірткісі екені белгілі болды. Барлығы 340 грамнан аса синтетикалық есірткіалынды. Бұл аса ірі көлемге жатады.

-Сондай-ақ, қылмыстық іске маңызы бар, заттай айғақ ретінде қосылған,орайтын материал мен грамдап өлшейтін таразы анықталды. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, бұл аса ірі мөлшердегі есірткінің заңсыз айналымына жатады. Тергеу жүргізілуде- деді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Тәлкіленген есірткі 2000 жуық дозаны құрайды. Күдіктінің айтуынша, мұның бәрін ол өзі қолдану үшін сақтаған. Есірткіге тәуелді ретінде есепте тұрған жоқ. Жақсы отбасыдан шыққан. Қазір полицейлер оның есірткі саудасынақатысы бар-жоғын тексеруде. Сонымен қатар, бұл улы зат алынылуы мүмкін интернерт-ресурстар тексерілуде.

Тағы да оқыңыздар: Айыртау ауданында қашықтан білім беру үшін сатып алынған 177 ноутбук жоқ