Оқиға бүгін, 19шы сәуірде орын алды. Келіншек қаладағы Интернационал көшесі 41 мекенжайындағы бес қабатты үйдің терезесінен құлады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға түскі сағат 12.20 тіркелеген. Интернационал көшесіндегі көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы терезелердің бірінен, 1976 жылы туған келіншек құлады.Ол сол үйдің тұрғыны. Әйел құлаған кезде үйде орналасқан кеңселердің бірінің күнқағарына түседі. Зардап шегуші бірден жедел жәрдеммен облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Дене сүйектері бірнеше жерден сынған. Дәрігерлер ота жасады.Аталған фактінің мән-жайын анықтау үшін полицейлер тергеуді бастап кетті.
Тағы да оқығыздар:Студент жалға алған пәтерінде 2000 доза есірткіні сақтаған