Петропавлда 56 ұйымға «Ashyq» жүйесінде жұмыс істеу үшін QR-кодтар берілді. Олардың ішінде төрт кинотеатр, СҮ, театрлар, облыстық филармония, қоғамдық тамақтану нысандары, монша мен сауна, қонақ үйлер, бильярд клубтары бар, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Жоба енгізілгелі бері «Ashyq» қосымшасының көмегімен облыс орталығында шектеу шараларын бұзудың төрт жағдайы анықталды. Сонымен, "City mаll" СОО-ға "қызыл" мәртебесі бар қала тұрғыны келген. Бұл әйелдің ковидке тест тапсырып, оң нәтиже алғанын білдіреді. Бірақ ол ережелерді елемей, қоғамдық орында жүрген. Тағы бір келуші « сары» мәртебеге ие болды (вирус тасымалдаушылармен байланыста болған адамдар).
-Бұзушылықтар туралы мәліметтер Петропавл қаласының санитаиярлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына келіп түсті. Қала тұрғындарына санитариялық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды өткізу туралы қаулы берілді. Айта кету керек, халыққа вирусты жұқтырмау үшін олар 14 күн үй карантинінде болуы керек. Қала тұрғындары алғаш рет бұзғандықтан олар түсіндірме жазды. Егер вирус тасымалдаушыда «қызыл» мәртебесі бар құқық бұзушылық қайта анықталса, онда ҚР Әкімшілік Кодексінің 430 және 462 - баптарына сәйкес 5 АЕК айыппұл салынады, - деді Петропавл қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Күлтай Мұхамметова.
Бір жағдай "Самгор" мейрамханасында анықталды. «Сары» мәртебесі бар келуші карантин режимін бұзған. Айта кету керек, «түрлі-түсті» мәртебе адамның ЖСН нөмірімен байланысты, сондықтан бұзушылық туралы деректер бірден бір базаға түседі.
-Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Сіздерді әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік көрсетуге шақырамыз. Егер сіз вирус тасымалдаушысы немесе науқаспен байланыста болсаңыз, айналаңыздағы адамдарға жұқтырмау үшін оқшаулану режимін сақтауды және адамдар көп жиналатын орындарға бармауды сұраймыз, - деді Мұхамметова.
Тағы да оқыңыздар: Петропавлдық бір үйге екі рет ұрлыққа түсті