Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 22 мамырдағы Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы №21 қаулысы жарияланды, деп хабаралайды 7152.kz тілшісі.
Құжатқа сәйкес, COVID-19 инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында «Ashyq» жобасын Қазақстан Республикасының барлық өңірінде іске асыру бекітілген.
Атап өтсек еліміздің барлық өңірлеріне мынадай кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асыру таратылсын делінген:
- йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
- спа-орталықтары, сауналар, бассейндер;
- PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
- боулинг клубтары, бильярд клубтары, караоке;
- кинотеатрлар, театрлар мен филармониялар, концерт залдары;
- асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы - алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
- облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
- ерікті қатысушылар;
- көрмелер, марафондар, океанариум;
- көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы, Алматы қаласының әуежайы;
- (2021 жылғы 31 мамырдан бастап) Шымкент және Түркістан қалаларының және (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары;
- лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар.
Тағы да оқыңыздар: Жас медицина қызметкерлеріне 2,5 млн теңге көтермеақы төленеді