18+

Енді мүмкіндігі шектеулі бала кәмелетке толса да тұрғын үй алу кезегі сақталады

400 мыңдай қазақстандыққа қамқорлықпен қатар қаржылай қолдау көрсетіледі. Мәжіліс азаматтардың жекелеген санаттарына арналған заң жобасын мақұлдады. Құжаттағы өзгерістерді іске асыруға  55 млрд теңге қаралып отыр. Сонымен қатар, енді мүмкіндігі шектеулі бала кәмелетке толса да тұрғын үй алу кезегі сақталады. Бұған дейін тек 10 жылға дейін күте алатын, деп хабаралйды 7152.kz тілшісі.

I топтағы мүгедектердің көбі күтушіге зәру. Енді оларға ай сайын 48 мың теңге бөлінеді. Мұнымен қоса мүгедектігі бар балаға күтім жасау мерзімі 18 жасқа дейін ұзартылады.

- Жәрдемақы – мемлекеттің кепілдендірілген көмегі. Сондықтан арыз түспесе тексеріс те жүргізілмейді,- деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов. - Басты шарт күтуші сол елді мекеннің тұрғыны болуы тиіс. Қазіргі уақытта I топтағы мүгедектігі бар 66 мың адамның әрбір үшіншісі күтім жәрдемақысымен де, жеке көмекшінің қызметтерімен де қамтамасыз етілмеген. Заң жобасын қабылдау нәтижесінде сыртқы қамқорлыққа мұқтаж 24 мың адам қосымша күтім бойынша жәрдемақымен қамтыладыдейді министр.

Ал, мүгедек балалардың жәрдемақысы 37 пайызға өседі. Тек оларды санатқа бөлу көзделіп отыр. Яғни 7-ден 16 жасқа дейінгі жеткіншектер қай топқа жататынын қайта куәландыруы қажет. Бұл оңалту, әлеуметтік көмек және сырқатының дәрежесіне қарай ақы тағайындау үшін керек. Енді мүмкіндігі шектеулі бала кәмелетке толса да тұрғын үй алу кезегі сақталады. Бұған дейін тек 10 жылға дейін күте алатын.

Тағы да оқыңыздар: Бүгін онкологиялық орталықта жаңа МРТ аппараты іске қосылды