18+

Биыл облыс ауылдарының 83,5 проценті таза ауыз сумен қамтылады

Бұл мақсатқа ел қазынасынан -11 миллиардтан астам теңге қарастырылып отыр. Қаражатқа Преснов- 1,Преснов-2 және Соколов топтық су құбырлары жаңартылады. Бұдан бөлек жеті ауданда 22 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде 50-ден астам ауылға жаңадан құбыр төселіп, су жүйесі жақсартылмақшы, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Еліміздегі ең ұзын су магистралі Солтүстік Қазақстанда орналасқан. Ал оның 70 пайызы бүгінгі күні әбден тозған. 18 елдімекенге су әлі күнге арнайы көлікпен тасымалданады. Сондықтан жергілікті билік бұл мәселені кезең-кезеңмен шешуді жоспарлап отыр.

-Қала маңында орналасқан Якорь ауылында таза ауыз су мәселесі өткір тұр. Мәселені шешу үшін жобалық –сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Сараптамадан өткен соң, жұмыстарды бастаймыз. Ал Пресновка елді мекенінде осы жылдың екінші жартысында су торабы іске қосылады. Жалпы 2021-2025 жылдарға арналған облыстың кешенді дамыту бағдарламасы аясында барлық топтық су құбырларын жаңғыртуды жоспарлап отырмыз- деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Әділбек Әубәкіров.

Тағы да оқыңыздар: Енді мүмкіндігі шектеулі бала кәмелетке толса да тұрғын үй алу кезегі сақталады