18+

Биылдан бастап жас педагогтар жұмысқа орналасу үшін арнайы сертификаттаудан өтеді

2021 жылдың күзінен бастап педагог жас мамандар жұмысқа орналасу үшін арнайы сертификаттаудан өтуі тиіс, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халыққа есеп беру кездесеуінде айтты.

-Оқуын осы жылы аяқтаған жас педагогтарда ұлттық біліктілікті арттыру сертификаты болуы қажет. Олар мектептке қабылданғаннан кейін өздерінің педагогикалық шеберліктерін іс жүзінде көрсетіп, педагогикалық біліктілігін арттырып қана жұмысқа кірісе алады — деді министр.

Ал,2021-2022 жаңа оқу жылының дәстүрлі форматта басталуы халықтың вакцина алуына байланысты, деп отыр министр.

-Бұл өте өзекті сауал. Мұның барлығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, біздің жүріс-тұрысымызға байланысты. Егер халықтың басым бөлігін вакцинациялай алсақ, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен шектеулерді сақтасақ, онда келесі оқу жылында, қыркүйекте білім беру ұйымдарымыз, ең алдымен әрине мектептер ашылады, - деді Асхат Аймағамбетов.

Тағы да оқыңыздар:Петропавлда екі азамат пневматикалық қарудан жарақат алды