18+

500 түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

-Достар, тест тапсырмаларын немесе олардың үзіндісін аудиториядан шығару - ереже бұзушылық болып табылады. Сондықтан ҰБТ нәтижесі жойылады. Осы күнге дейін 85 000 тестіленушінің ішінен 500-інің нәтижесі жойылды. Және тест тапсырмаларын шығарып, таратудың да еш мәні жоқ - тест базасы күнде жаңартылады. Күнде жаңа сұрақтардың құпиялылығы шешіліп, бағдарламаға кіргізіледі. Өздеріңізді алдамаңыздар, - деп жазды Дидар Смағұлов.

Осыған дейін Смағұлов, ҰБТ ережелерін бұзған үшін 287 оқушы аудиториядан шығарылып, олардың тест нәтижелері жойылды деп хабарлаған болатын.

Биыл түлектердің ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі бар. Олар ең жақсы нәтижесі бар сертификатпен мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады. 

Тағы да оқыңыздар: Биылдан бастап жас педагогтар жұмысқа орналасу үшін арнайы сертификаттаудан өтеді

Палата Предпринимателей
15:31, 20 ноября