18+

Петропавлда арақ пен коньякты қолдан жасап, сатып келген екі астыртын цех жабылды

Петропавлда алкоголь өнімін өндірген астыртын цех жабылды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Петропавл қаласында 5 литрлік пластикалық ыдыстарға құйылған алкоголь сусынды қолдан жасайтын екі жасырын цехті жапты. Қоймаларда антисанитариялық жағдайда бөліп құю және тығындау аппаратының көмегімен, жасанды хош иістерді, бояғыштарды және кран суын қолданып, құрамында спирті бар сұйықтық өндірілген. Ол «Айдабульская» арағы және «Миндальный» коньягы түрінде сатылымға шығарылған. Тергеу нәтижесінде цехты ұйымдастыруға, қолдан жасалған ішімдікті сатуға және жеткізуге қатысты адамдар анықталды. 6 мекенжай бойынша тінту барысында 24 бес литрлік пластикалық контейнер, 28 текшелі контейнер, 76 дана 200 литрлік кег және басқа да спирті бар ыдыстар тәркіленді. Жалпы сомасы 114 млн астам теңгеге 40 мың литрден асатын спирт тәркіленді. Заңсыз кәсіпкерлік дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тағы да оқыңыздар: Бескөлдіктер краннан аққан судан уланып жатыр