18+

Ертеңнен бастап көптеген нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді

СҚО-ның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы ертең, 9 маусымнан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

СҚО Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «жасыл» аймақта. Құжатқа сәйкес өңірде карантиндік шектеулердің кейбірі алынды:

1) келушілер санын 30%-дан асырмай бильярд, боулинг, компьютер клубтары мен аквапарктің және ғимарат ішіндегі балалардың ойын алаңдарының жұмыс істеуіне рұқсат беріледі;

2) келушілер санын 30%-дан және 50 адамнан асырмай, банкет залдарында еске алу іс-шараларын өткізуге болады;

3) діни нысандарда да адам санын асырмай, маска тағып және 4 метр әлеуметтік ара қашықтықты сақтап іс-шараларды өткізуге рұқсат беріледі;

4) мәдениет нысандарында жеке, топтық дайындықтарды адам санын 50-ден асырмай өткізуге болады;

5) мектепке дейінгі мекемелерге топтарды қосып, іс-шара өткізбей жұмыс істеуге рұқсат беріледі;

6) монша, сауналардың жексенбі күні де жұмыс істеуіне болады;

7) спорттық іс-шараларды көрермен санын 20%-дан, ал кинотеатр, театр, концерт залдарының жұмысын көрермен санын 30%-дан асырмай ұйымдастыруға болады;

8) қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы сағат 2.00-ге дейін ұзартылады;

9) балалардың сауықтыру лагерлері 100% толымдықпен жұмысқа кіріседі.

Тағы да оқыңызар:Полицейлер үш аптада 32 қару тәркіледі