Петопавлда терек мамығына от қою жиілеп отыр. Екі күн ішінде өрт сөндірушілер 50 шақыртуға барған, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы 314-ші атқыштар дивизиясы көшесі, 170 мекенжайы бойынша орналасқан жеке аулада сағат 14.05 шамасында өрт шыққан. Біреулер терек мамығын өртеп, салдарынан қора-қопсы толық жанып кетті. Қасындағы үйдің шатыры мен қабырғасына зақым келді. Сол күні кешке қаладағы Ахременко, 5 мекенжайында орналасқан гараж бен темір контейнерде өрт шықты. Олардың шатыры типография ғимаратымен бір болған. Салдарынан гаражға зақым келіп, баспахананың дүниесі жанып кетті. Бұл жолы да өрт терек мамығынан шыққан.
-Өртке қауіпті маусым басталғалы өңірде кепкен шөп, қамыстың жануына қатысты 450 өрт тіркелді. 16 орман өрті сөндірілді. Терек мамығы өрттің көбеюіне себеп болып отыр. Соңғы күндері осындай 50 шақыртуға бардық. Екеуінде тұрғын үй мен қора-қопсы зақымданды, - дейді СҚО ТЖД басқармасының бастығы Дмитрий Растихин.
Тағы да оқыңыздар: Ертеңнен бастап көптеген нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді