Биыл облыс диқандары 4,3 млн га алқапқа тұқым септі. Оның 3 млн гектарына дәнді, 950 мыңына майлы, 40 мың гектарға жуығына көкөніс пен картоп егілген, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
1,5 млн гектардан астам жерге 101 мың тонна минералды тыңайтқыш себілді. Науқанға 40 мыңнан астам техника жұмылдырылып, егіс мерзімінде аяқталды. Көктемгі дала жұмыстары кезінде аграрийлерге 68 тонна дизель отыны жеңілдетілген бағамен берілді. Бүгінде агроқұрылымдардың техникалық паркін жаңарту және субсидия мен несие бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
-Облыстың ауыл шаруашылық саласын қолдау үшін биыл 48 млрд теңгеден қаражат бөлініп отыр. Оның 18 млрд теңгесі өсімдік шаруашылығын дамытуға жұмсалады- деді СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы Нарғыз Ақжігітова.
Тағы да оқыңыздар:Есіл ауданында 8 жастағы қыз жоғалып кетті