Петропавлда тәртіп сақшылары 14 маусым күні кешке көшеде табылған кішкентай баланың анасын іздеп тапты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 24 жастағы әйел 20-шағын ауданындағы құрбысында болған. Жағдайды анықтау үшін әйел Петропавл полиция басқармасына жеткізілді. Оның айтуынша, ол баланы Жұмысшы кентіндегі достарына тастап, өзі құрбысына қонаққа барған.
-«Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу немесе білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша оны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материал жиналды. Оны ювеналды полиция бөлімшесіне профилактикалық есепке қойды. Жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына ата - ана құқығынан айыру туралы мәселе қойылып ұсынылады, - деп түсіндірді ювеналды полиция бөлімінің бастығы Эльмира Абушева.
Естеріңізге сала кетейік, бала кешке Жұмысшы кентінде көшеде табылған болатын.
Тағы да оқыңыздар: Көшеден табылған баланың ата-анасына іздеу салынды