Есіл ауданы Бірлік ауылында сүңгуірлер жоғалған 69 жастағы ер адамды Есіл өзенінен іздеп жатыр, - деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 маусым күні кешқұрым 1952 жылы туған ер адам белгісіз жағдайда Есіл өзенінің жағасынан жоғалған. Іздеу жұмыстарына СҚО ТЖД жедел-құтқару отрядының мамандары, Есіл ауданы № 7 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы, полиция, жергілікті атқарушы орган өкілдері және жергілікті тұрғындар мен ер адамның туыстары қатысып жатыр. Оқиға орнында барлығы 25 адам жүр, 4 техника мен бір қайық жұмылдырылған. Өзен түбінің тегіс болмауы, саз салдарынан лай су және иірімдердің көптігі сүңгуірлердің жұмысын қиындатып отыр.
Жалпы, жыл басынан СҚО-да 7 адам суға кетті, оның үшеуі – бала. Бүгін-ертең өңірде ауа температурасы 38 градусқа дейін көтерілмек. Осыған орай 112 қызметі sms-хабарлама арқылы тұрғындарды ескертіп жатыр.
Тағы да оқыңыздар: 2 жасар баланың анасы табылды