18+

Есіл ауданына жаңа әкім тағайындалды

Медет Дулатұлы Оспанов Есіл ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Медет ДулатұлыОспанов 1985 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңасу ауылында дүниеге келген.

2006 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2009 жылы Қазақстан-Ресей университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Петропавл қаласындағыӘл-Фараби мектеп-лицейінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастады.

2007 жылы Солтүстік қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің бас маманы лауазымына мемлекеттік қызметке орналасты.

2007-2011 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеді.

Сондай-ақ, Шал ақын, Тайынша ауданында басшылық қызметтер атқарды. Сонымен қатар, Солтүстік қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі болды. 

Осы тағайындауға дейін облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып еңбек етті.

Тағы да оқыңыздар:Коронавируспен күреске атсалысқан дәрігерлерге төлемақы беру жалғасады