18+

Айыртау ауданы әкімі болып Ерболат Бекшенов тағайындалды

Айыртау ауданына осыған дейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып келген Ерболат Бекшенов әкім болып тағайындалды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Ерболат Бекшенов 1973 жылы туған, Орталық Азия университетiн экономист мамандығы бойынша бiтiрген. Еңбек жолын «Бекшенов» шаруа-фермерлiк қожалығы басшысының орынбасары болып бастады. «Ет» ЖШС-де маркетинг бөлiмiнiң меңгерушiсi, Тайынша ауданындағы Донецк ауылдық округiнiң әкiмi, Мамлютка қаласы әкiмiнiң орынбасары, Мамлют ауданы әкiмiнiң орынбасары қызметтерiн атқарды. 2014-2018 жылдары Мамлют ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

2018 жылдан осы күнге дейін  Солтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып еңбек етті.

Палата Предпринимателей
15:31, 20 ноября