«Қару» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 55 жастағы қала тұрғыны тәртіп сақшыларының назарына ілікті, оның үйінен механикалық тәсілмен шығарылған нөмірлері бар 16 калибрлі «ТОЗ-БМ» маркалы екі ұңғылы шолақ мылтық табылды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Ер адамның айтуынша, ол қару-жарақты қамыс арасынанқапқа салынған күйінде тауып алған. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі «қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қару сараптамаға жіберілді.
-Жалпы, тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық қаруды сақтау әкімшілік заңнамаға сәйкес келеді. Бірақ, шолақ етіп кесуге болмайды. Сондықтан ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, — деп түсіндірді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин. - Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде қаруды заңсыз сақтау фактілері бойынша барлығы 8 қылмыстық іс қозғалды. 43 қару, оның ішінде 27 тегіс ұңғылы, 2 ойық, 3 газды, 9 электрлік, сондай-ақ 3 шолақ мылтық тәркіленді. Сонымен қатар, 98 мылтық пен 2 қолдан жасалған граната тәркіленді.
СҚО-да барлығы 7242 азаматтық қару иесі тіркелген. 249 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 180-і қару сақтау ережелерін бұзғаны үшін, 38-і қайта тіркеу мерзімдерін бұзғаны үшін, 31-і заңсыз сақтағаны үшін жауап береді.
Тағы да оқыңыздар: Елімізде «үнді» штамына тән болуы мүмкін мутация анықталды