Қызылжар ауданында жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті. Ол тас жолда жеңіл көлікпен соқтығысты. Үш адам зардап шекті, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Оқиға бүгін сағат 5.20 шамасында Қызылжар ауданы Петерфельд елді мекенінің маңында болған. Жолда Петропавлға бара жатқан жедел жәрдем мен «Ауди» көлігі соқтығысты. Салдарынан «Аудиде» болған Мамлютка қаласының тұрғыны, 58 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды. Жедел жәрдемдегі 28 жастағы жүкті келіншек те перинаталдық орталыққа жеткізілді. Арнайы көлік оны медициналық мекемеге апара жатқан. Қазіргі кезде жас ана босанып, баланың да, анасының да жағдайы қакнағаттанарлық. Оқиға орнында Қызылжар ауданы полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Сотқа дейінгі тергеу барысында тәртіп сақшылары істің мән-жайын анықтайтын болады.
Тағы да оқыңыздар: COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер оффлайн режимде жұмысқа жіберілмейді