Онлайн-брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі уәде етілген автобустардың тағдыры және көлік құралдарын жеткізудің кешігу себебі туралы айтты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Өңір басшысының айтуынша, автобустарды өткен жылдың соңында сатып алу жоспарланған, бірақ пандемияға байланысты мерзім өзгеріпті.
- Біз бастапқы төлем үшін қаражат дайындадық, барлық шарттарды жасадық. Бірақ, өкінішке орай, пандемияға байланысты зауыттар автобустарды дайындауға үлгермеді. Бүгінде Петропавлға 20 көлік келді, - деді Құмар Ақсақалов.
Сондай-ақ, өңір әкімі Қарағанды облысының Саран қаласында шығарылатын автобустар Солтүстік Қазақстанға арналғанын, сондықтан оларды жақын арада жеткізу жоспарланып отырғанын атап өтті. Бірақ, Құмар Іргейбайұлы нақты күнін атаған жоқ.
Тағы да оқыңыздар:Биыл облыста 115 ауылды жаңғыртуға 17 млрд теңге жұмсалады