18+

Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа енді

Солтүстіктен Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа енді. 3 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. ⠀ «Сары» аймақта Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары тұр.  «Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Қазақстанда өткен тәулікте 3693 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.Қазақстанда бір тәулікте 35 сырқат коронавирустан көз жұмды. Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 415 мыңнан асты. 

Өңірлер бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 978,

Алматы қаласы - 535,

Шымкент қаласы - 169,

Ақмола облысы - 140,

Ақтөбе облысы - 36,

Алматы облысы - 86,

Атырау облысы - 334,

Шығыс Қазақстан облысы - 63,

Жамбыл облысы - 52,

Батыс Қазақстан облысы - 142,

Қарағанды облысы - 596,

Қостанай облысы - 95,

Қызылорда облысы - 60,

Маңғыстау облысы - 141,

Павлодар облысы - 134,

Солтүстік Қазақстан облысы - 55,

Түркістан облысы - 77