18+

Облыста соңғы 3 тәулікте 2 адам коронавирустан көз жұмды

Өткен тәулікте облыста 133 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Осылайша індет басталағалы COVID-2019 вирусын жұқтырғандардың жалпы саны өңірде 17010 адамға жетті, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

15794 жерлесіміз коронавирусты жеңіп, емделіп шықты. Ол көз жұмғандардың саны 49-ға жетті. Қазіргі таңда облыстағы инфекциялық стационарлар 49%-ға толық. Ем қабылдап жатқан 35 адамның жағдайы ауыр.

Жалпы ел көлемінде алатын болсақ, өткен сенбіде Қазақстанда коронавирус инфекциясының асқынуынан және COVID-19 белгілері бар пневмониядан 90 адам қайтыс болды. Бұл соңғы бірнеше айдағы өлімнің рекордтық көрсеткіші. Жалпы алғанда, пандемия басталғаннан бері Қазақстанда коронавирустың салдарынан – 5452 адам, ковидті пневмониядан 3625 адам қайтыс болды. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 6637 адамда расталды. 

Тағы да оқыңыздар:Облыста жалпы сайлаушылар санының 87,08 %-ы сайлауға қатысып, дауыстарын берді