Петропавлда өзенге шомылуға барған 12 жасар бала көз жұмды, деп 7152.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 16.00 шамасында болған. Петропавлдағы 20-ықшам ауданы маңында, Есіл өзеніне шомылуға барған 2009 жылы туған жасөспірім суға кетті. Бала өзенге үлкендердің қарауынсыз келген. Оны құтқару мүмкін болмады. Жасөспірімнің денесін жедел-құтқару отрядының мамандары судан алып шықты. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. СҚО-да жыл басынан бері суда осымен 19 адам қаза тапты. Мерт болғандардың бесеуі – бала.
Тағы да оқыңыздар: СҚО-да КВИ жұқтырған 48 адам жансақтау бөлімінде жатыр