18+

Sinopharm Қытай вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға келді

Коронавирусқа қарсы sinopharm вакцинасының бірінші партиясы бар ұшақ Алматыға келді. Ол 1млн. дозадан тұрады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Қазақстан аталмыш вакцинаның 4 млн. дозасын сатып алмақ. Бұл ҚР-да бесінші тіркелген вакцина.

Вакцинаны стикерлеу рәсімі аяқталғаннан кейін, жедел тәртіпте еліміздің өңірлеріне жіберіліп, азаматтарға қолжетімді болады. Sinopharm вакцинасының ерекшелігі - оны жеткізу процесі мұздатқышты қажет етпейді, +2 +8 градус температурада сақталады және тасымалданады. Вакцина белсенді емес, екі дозалы. Сақтау мерзімі - 24 ай.

Қытай препараты 45 елде ересектерге вакцинациялауға рұқсат етілген. Бүгінгі таңда Қытайдан басқа, вакцина БАӘ мен Сербияда өндіре алады. Сонымен бірге, Қытай мен БАӘ Қытайдың Sinopharm фармакологиялық компаниясының белсенді емес вакцинасын 3 пен 17 жас аралығындағы балаларға шұғыл қолдануды мақұлдады.

Тағы да оқыңыздар:Бүгін - Абай күні