18+

СҚО-да ата-аналар балаларына 400 млн теңге қарыз

Облыста 6165 адам алимент төлейді. Оның 243-і жылдап ақша төлемей жүр, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Жеке сот орындаулышалары мен жергілікті атқарушы органдардың бірлесе атқарған жұмыстарының арқасында алимент төлеуден жалтарып жүргендердің саны бір жылда 771-ден 243 адамға дейін азайған. Балаларына берешек сомасы 400 млн тг.

-Алимент төлемеушілерге түрлі шаралар қолданылып жатады.  Нотариалдық іс-әрекеттерге, борышкердің мүлкіне, екінші деңгейдегі банктердегі шоттарға шектеу қойылады.  Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыға алмайды. Сондай-ақ, іздеу салынады. Мұндай шараларға қарамастан қарыздарын әлі күнге дейін өтемей жүргендер бар- дейдіСҚО Әділет департаментінің бөлім басшысы Ақлима Бекенова

Сондай-ақ, заң бойынша борышкерлерді автокөлік құралын басқару құқығынан айыруға болады. Биыл осылайша 73 азамат жүргізуші куәлігінен айырылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 139 бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке 68 борышкер тартылып, 29-ы қамауға алынды.  39 адам айыппұл төледі. 149 адамның ісі ішкі істер органдарына жіберілді. 

Тағы да оқыңыздар:«50 мың теңге сыйақы»: Әлеуметтік желіде тараған ақпарат жалған