18+

Петропавлда заңсыз саудаға шығарылған 453 литр алкоголь өнімі тәркіленді

Петропавлда жыл басынан бері заңсыз айналымнан 4,3 мыңнан астам спирттік өнім тәркіленді, деп хабарлайды 7152.kzтілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, заңсыз кәсіпкерлік қызметі үшін 34,алкоголь өнімдерін сату жөніндегі заңнама талаптарын бұзғаны үшін 22 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Соңғы фактілердің бірі Украинская көшесіндегі дүкенде анықталды. Онда алкоголь өнімі рұқсатсыз сатылған. Барлығы 453 литр лицензияланбаған алкоголь өнімі тәркіленді. Дүкен иесіне қатысты «кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей іс-әрекеттерді жүзеге асыру» бабы бойынша материал жиналды. Осыған ұқсас алкоголь өнімдерін сату ережелерін бұзу фактілері қаланың бірнеше дүкендерінде анықталды.

Тағы да оқыңыздар: Қытайлық «Sinopharm» вакцинасы өңір тұрғындары үшін қолжетімді

Аэрация
10:26, Сегодня