18+

Ресейде жоғалған 4 көлік СҚО-дан табылды

Ресейде іздеуде жүрген 4 автокөлік Солтүстік Қазақстан облысынан табылды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Облыста 16 тамыздан бастап «Автомобиль» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Ол 22 тамызға дейін жалғасады. Осы аралықта полицейлер гараждар, автотұрақтар, авто бөлшектеп сату орындарын, базарлар мен шеберханаларды аралап, криминалға қатысы бар автокөліктер мен қосалқы бөлшектер болуы мүмкін жерлерді тексереді. Қазір облыс бойынша 14 жедел-іздестіру тобы жұмыс істейді, операцияның үш күні ішінде олар 123 пунктте: техникалық қызмет көрсету станцияларында, автошеберханаларда, бөлшектеп сату пункттері мен автотұрақтарда болды. 581 автокөлік тексерілді. Нәтижесінде Ресей аумағында жоғалған 4  көлік анықталды. Мән-жай қазір анықталып жатыр, ресейліктерге ақпарат жіберілді. Автомашиналар тәркіленіп, Петропавлдағы арнайы тұраққа қойылды. Сонымен қатар, «Автомобиль» іс-шарасы аясында қалалық және аудандық полицейлер бұрын жасалған үш қылмысты, соның ішінде «өткен жылдар» санатындағы қылмысты ашты. «Opel» маркалы екі автокөлік пен «Audi 80» маркалы көлікті ұрлаудағы күдіктілер ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

-Агрегаттардағы сәйкестендіру нөмірлерін жою және түзетуге мамандандырылған шеберханаларды анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Сондай-ақ металл қабылдау пункттері, көлік аз тыныш аудандардағы көлік қоятын орындар мен аула іші аумақтар тексеріледі. Автокөлік ұрлағаны үшін бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылған азаматтармен профилактикалық әңгіме жүргізіледі, - дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.

Тағы да оқыңыздар: Халыққа қызмет көрсету орталықтарында міндетті брондау алынып тасталды